Бүгін еліміздің тоғыз облысында бұрқасын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің тоғыз облысында бұрқасын болады

Бүгін еліміздің тоғыз облысында бұрқасын болады

Жексенбіде Қазақстан аумағында ауа райы жауын-шашынды болады

  • 10 Желтоқсан 2017
  • 278
Фото - Caravan.kz

Бүгін оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағында ауа райы жауын-шашынды (көбінесе қар түрінде) болады, кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

 Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді – 15-20, екпіні 23-28, түнде облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-тен асуы мүмкін. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Қызылорда,  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, жел күшейеді – 15-20 м/с.

 Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с жетеді. 


Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 17-22 м/с жетеді. 

Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел соғады – 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады,  күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп,  бұрқасындатады, жел 15-20 м/с күшеюі  мүмкін.