Еліміздің басым бөлігінде сейсенбі күні қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде сейсенбі күні қар жауады

Еліміздің басым бөлігінде сейсенбі күні қар жауады

Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады

  • 12 Желтоқсан 2017
  • 135
Фото - Caravan.kz

 Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, негізінен қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен солтүстікте, солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, боран соғады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында бұрқасын — 15-20 м/с.


Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел — 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде боран соғады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, Атырау облысында – көктайғақ.