"Нұр-Астана" мешітінде киім ұрлаған жігітке кешірім берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр-Астана" мешітінде киім ұрлаған жігітке кешірім берілді

"Нұр-Астана" мешітінде киім ұрлаған жігітке кешірім берілді

Елордада "Нұр-Астана" мешітінде қалтасында телефон болған күртесінен айырылып қалған жігіт ұрыны кешірді.

  • 12 Желтоқсан 2017
  • 210
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, мешітке келуші күртесін арнайы орынға қойған, алайда кейін киімін таппай қалған. 

"Сот отырысы кезінде тараптар медиациялық келісімге келген. Есіл ауданының № 2 сотының шешімімен тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.