«Мен Сізді Тәуелсіздік күні қарсаңында осы жоғары лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтау үшін шақырып отырмын. Тәуелсіздіктің арқасында біз дінімізді жаңғыртып, бабаларымыздың дінін ұстауға мүмкіндік алдық. Әр азаматта ар-ұждан бостандығы болуы үшін мемлекет тарапынан бәрі жасалды» деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев діни қатынастарды реттеуде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Министрлік дінді шектеу мақсатында құрылған жоқ. Министрліктің мақсаты дін ұстаушылар бір-бірінің құқын бұзбауын, дін саласында тәртіп болуын қадағалау» деді Президент.
Мемлекет басшысы сонымен қатар дін туралы заң жобасының негізгі ережелерін жұртшылыққа түсіндіру мақсатында бірлесе жұмыс жасау қажеттігін айтты.