Синоптиктер алдағы бес тәулікте қар жаумайды, алайда аяз күтіледі деп отыр. «Сібір антициклонының суық және қуатты сілемдері демалыс және мереке күндері Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа-райын анықтайтын болады. Сондықтан ауа-райы басымырақ жауын-шашынсыз түнгі тұманмен және кәдімгідей суық температурамен күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде 30°-тан төмен аяз болады. Бұл күндері Қазақстанның барлық аумағында температура климаттық нормадан 2…5°С төмен күтілуде», делінген хабарламада.