Танымал журналист Рахат Мамырбек мезгілсіз дүниеден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал журналист Рахат Мамырбек мезгілсіз дүниеден озды

Танымал журналист Рахат Мамырбек мезгілсіз дүниеден озды

Елге белгілі журналист Рахат Мамырбек кенеттен қайтыс болды. 

  • 20 Желтоқсан 2017
  • 422
Фото - Caravan.kz


Қаралы хабарды әлеуметтік желі арқылы Рауан Оқас хабарлады.

«Журналист ағамыз Рахат Мамырбектен айырылдык…. Иманды болсын!»,- депті ол өз жазбасында.

Рахат Мамырбек «Қазақстан» ұлттық арнасында «Күлтөбе» бағдарламасын жүргізіп, елдік, саяси, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қозғады. Кейін КТК арнасында «Алаң жұрт» бағдарламасын тізгіндеді. Танымал журналист одан кейін де бірқатар телеарналарда жемісті еңбек етті.Өмірінің соңғы кездерінде "Азаттық" радиосында жұмыс істеп жүрген болатын.