Астанада жаңа экспресс маршрут іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жаңа экспресс маршрут іске қосылады

Астанада жаңа экспресс маршрут іске қосылады

Жаңа экспресс бағдардың бастапқы нүктесі – "Астана-Нұрлы жол" теміржол вокзалы

  • 21 Желтоқсан 2017
  • 182
Фото - Caravan.kz

Ертеңнен бастап елордада жаңа № 107 экспресс маршруты іске қосылады. Ол "Астана-Нұрлы жол" теміржол вокзалынан бастап агроқалашыққа дейін қатынайды, деп хабарлайды  Sputnik елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

"Бастапқы нүкте – Астана-Нұрлы жол" теміржол вокзалы", кейін  А.Байтұрсынов көшесімен оңға М.Жұмабаев даңғылына – солға Р.Қошқарбаев даңғылы – солға Аманжолов көшесіне – оңға Нәжімеденов к-сі – оңға Қалдаяқов к-сі, оңға Мәңгілік Ел даңғылы, солға Д.Қонаев к-сі – оңға Тұран даңғылы – Сарыарқа даңғылы – солға С.Сейфуллин көшесіне – оңға Күмісбеков көшесіне – солға Тілендиев даңғылы – оңға Ақан Сері к-не — оңға Фахб бен Абдулл Азиз – оңға Байсейітова к-сіне – соңғы нүкте "Агроқалашық", – делінген қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, № 107 экспресс маршруты кері бағытта дәл осы қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.