Алматыда Гай Фокстың бетпердесін киген жігіттер букмекерлік кеңсені тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Гай Фокстың бетпердесін киген жігіттер букмекерлік кеңсені тонап кетті

Алматыда Гай Фокстың бетпердесін киген жігіттер букмекерлік кеңсені тонап кетті

Алматыда Гай Фокстың маскасын киген жігіттер букмекерлік кеңсені тонап кетті.

  • 24 Желтоқсан 2017
  • 219
Фото - Caravan.kz

Оқиғаның видеосын оқырмандардың бірі редакцияға жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бейнебақылау камерасының жазбасына қарағанда, оқиға бүгін, таңғы сағат 04.30-да болған. Гай Фокстың маскасын киген үш жігіт, кеңсеге баса-көктеп кірген. Біреуінің қолында ағаш бар. Ал басқаларының қолында тапаншаға ұқсас зат болған. Олар ақшаны ала сала, оқиға болған жерден асығыс кетіп қалды. Кеңсе қызметкерлерінің ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпегенін кадрдан көруге болады.
 

Айта кетейік, желтоқсан айының басында Ақтөбе қаласындағы букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуылдың видеосы жарияланған еді. Ол кезде Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі 29 қарашада түнгі 3:30 шамасында букмекерлік кеңсеге белгісіз үш адамның баса көктеп кіргенін айтты. Олардың бірі бетперде киген, ал екеуі — көзі ғана ашылған баскиімде болған.