Сейсенбіде ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сейсенбіде ауа райы қандай болады?

Сейсенбіде ауа райы қандай болады?

26 желтоқсанда Қазақстанның басым аумағында қар жауып, көктайғақ болады

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 132
Фото - Caravan.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады, көбінесе қар жауады деп болжанып отыр. Сондай-ақ тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ, 18-23 м/с жылдамдықпен жел тұрады, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан да жоғары мүмкін. 

Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады,  жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін, Павлодар облысында бұрқасындатады деп болжануда. 

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с, Батыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі  мүмкін.


Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады. 

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады.