Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі мәлімдейді.
— Менің ұлым 12 жастағы Мырзаш Абзал Дәуренбекұлы Қазақ-Британ Техникалық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенті.
Алғашқы Қазақ-Латын әліпбиі ретінде жасаған өз нұсқасын 18.09.2017 жылы Елбасына жолдаған еді. Оған ешқандай жауап келмеген соң, 20.12.2017 жылы өзгертулер енгізіп, Қазақ-Латын әліпбиін қайта жасаған болатын.
Абзал өз жобасында кириллицадағы Қазақ әліпбиінің 42 әріптерін сақтауға тырысты. Себебі, Абзал 42 әріпті сақтамаған жағдайда қазақ жазушыларының, ақындарының, тарихшыларының, ғалымдарының, филологтарының өткен ғасырдан бастап осы кезеңге дейінгі орны толмас еңбектері мен шығармаларын Қазақ-латын әліпбиіне көшіру мүмкін болмайтынын ескерді.
Өйткені, өзге тілдерден енген термин сөздер өте көп және қазақ тіліне, қазақ тарихына, қазақ ғылымына, қазақ әдеби шығармашылығына және қазақтың күнделікті өміріне сіңген және қазақ тілінде қалыптасқан сөздерден тұрады.
Әрине, кириллицадан енген әріптер қазақ тілінде бұдан былай сирек қолданылатын болады. Бізге орыс тілінің әріптері керек емес деуге болады. Дегенмен, ана тіліміздің сөздік қорын арттыру үшін біржолата бас тартуға да болмайды. Оған себеп, өткен ғасырдағы тарихты сол күйінде бейнелеу үшінде керек екенін ұмытпағанымыз жөн болар.
Қазақтың кириллицадағы 42 әрпін бір әріп, бір дыбыс ретінде жасауға Латын әліпбиіндегі 26 әріп таңбалары жетпейді. Әрине, бір әріп бір дыбыс болғаны жақсы болар еді.
Бірақ, Елбасының негізгі тапсырмасы компьютердің, планшеттің және смартфонның пернетақтасына (клавиатурасына) ыңғайлап, қазіргі заман талабына сай болатындай, латынның 26 әрпінен Қазақ-Латын әліпбиін жасау болғандықтан, Абзал Дәуренбекұлы өз үлесін қосу үшін өзі жасаған Қазақ-Латын әліпбиін ұсынған еді.
Сондықтан, Мырзаш Абзал Дәуренбекұлы өз жобасында өзге тілдерде кездеспейтін қазақтың 9 төл әріптерінің бесеуін (Әә, Ғғ, Өө, Үү, ң) диграфпен (Ah ah, Gh gh, Oh oh, Uh uh, nh), ал, төртеуін (Іі, Ққ, Ұұ, h) 1 әріп — 1 дыбыс (Ii, Qq, Ww, Xx) ретінде және қазақ әліпбиіндегі өзге ұлттармен ортақ 2 әріпті де (Ж, Ш) диграф (Zh zh, Sh sh) ретінде қолданған еді.
Сонымен қатар, ұлым Абзал орыс тілінен және шет тілдерінен енген сөздердегі дыбыстардың бесеуіне (Ёё, Чч, Ээ, Юю, Яя) диграф (Yo yo, Ch ch, Ye ye, Yu yu, Ya ya), біреуіне (Щщ) триграф (Sch sch), жуандық және жіңішкелік ретіндегі екі таңбаға (ъ/ь) апострофты қолданды.
Апострофты барлық әріптерге қолданғанға қарағанда, диграф ретіндегі қолданыс әлдеқайда тиімді және қолайлы екені рас қой?!
Ұлымыз Абзалдың жасаған Қазақ-Латын әліпбиі біздің бүкіл жанұямызға қатты ұнаған еді.
Сосын, оны Тіл білімі институты мамандарының баға беруін сұрап, Елбасының атына екі хатпен Ақ Ордаға және Президент Әкімшілігіне 22.12.2017 жылы Қазпочта арқылы жолдаған еді. Бүгін 23.01.2018 жылы Білім және Ғылым министрлігінің Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан Абзалға жауап келді.
Біз, Мырзаш Абзалдың ата-анасы, Абзалдың жасаған Қазақ-Латын әліпбиіне «ұнады, қолдаймыз» немесе «ұнаған жоқ, қолдамаймыз» деген пікір берулеріңізді өтінеміз!!!
Ең алдымен, төменде көрсетілген, ҚБТУ-дың 1-курс студенті 12 жасар вундеркинд Мырзаш Абзал Дәуренбекұлының Елбасына жолдаған хатымен, өзі жасаған қазақ-латын әліпбиінің нұсқасы ретіндегі жобасымен және осы жобамен жазылған Еліміздің Әнұранымен (гимнімен) танысуларыңызды сұраймыз!
Сосын, ҚР БҒМ Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Абзалға жіберген жауабымен танысыңыздар!, деп мәлімдеді Абзалдың әкесі Дәуренбек Мырзашұлы және анасы Жазира Жармағамбетқызы.
Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны
Qazaqstan respubljkasynynh memlekettik ahnwrany
Sohzin zhazghandar: Zhwmeken Nahzhimedenov, Nwrswltan Nazarbaev
Ahnin zhazghan: Shahmshi Qaldayaqov
Altyn kuhn aspany,
Altyn dahn dalasy,
Erliktinh dastany,
Elime qarashy!
Ezhelden er degen,
Danhqymyz shyqty ghoj.
Namysyn bermegen,
Qazaghym myqty ghoj!
Qajyrmasy:
Meninh elim, meninh elim,
Guhlinh bolyp egilemin,
Zhyrynh bolyp tohgilemin, elim!
Tughan zherim meninh — Qazaqstanym!
Wrpaqqa zhol ashqan,
Kenh baitaq zherim bar.
Birligi zharasqan,
Tahuelsiz elim bar.
Qarsy alghan uaqytty,
Mahnhgilik dosyndaj,
Bizdinh el baqytty,
Bizdinh el osyndaj!
Qajyrmasy:
Meninh elim, meninh elim,
Guhlinh bolyp egilemin,
Zhyrynh bolyp tohgilemin, elim!
Tughan zherim meninh — Qazaqstanym!
Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны
Qazaqstan respubljkasynynh memlekettik ahnwrany
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазғандар: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!