Дұғасы қабыл кісілер:
* Үнемі Аллаһ Тағаланы ұмытпайтын кісінің дұғасы.
* Мазлұм, яғни, жәбір көрген пенденің дұғасы.
* Әділ имамның немесе әділ билеушінің дұғасы.
"Үш адамның дұғасын Аллаһ Тағала қайтармайды: Аллаһты көп зікір етушінің, жәбірленген жанның және әділ имамның". (Әл-Бәйһақи)
"Кәпір болса да мазлұмның дұғасынан сақтаныңдар! Өйткені оныің дұғасына бөгет жоқ". (Ахмад)
* Хазірет Жүністің, алейхиссалам, дұғасымен дұға етушінің.
Оның балық ішінде еткен дұғасы:
"Иә, Аллаһ Тағала! Сенен басқа Тәңір жоқ! Сен кемшіліктен пәксің! Мен шынында өзіме зұлымдық етіп қойдым." Қай жағдайда болмасын мұсылман пенде бұл дұғамен тілек етсе Аллах оның дұғасын қабыл етеді. (Әт-Тирмизи, Ахмад, Нәсәи, Хаким).
* Кеңшілікте де, таршылықта да дұғада болушының.
"Кімде-кім қиыншылық сәттерінде дұғасы қабыл болуын қаласа — кеңішілік кездердеАллаһ Тағалаға көп дұға етсін!". (Әт-Тирмизи, Хаким)
* Ораза тұтушының.
* Мүсәпірдің, яғни, жолаушының.
"Үш түрлі дұға қабыл: Ораза ұстаушының, жәбір шеккеннің және мүсәпірдің". (Әль-Байһақи)
* Атаның баласына тілеген тілегі.
"Үш түрлі дұға қабыл, оған күмән жоқ. Ол мазлұмның (жәбір көрушінің), мүсәпірдің және ата-ананың баласына қылған дұғасы". (Ибн-Мәжә, Әбу Дәуд)
* Мұсылманның мұсылманға дұғасы.
"Бір мұсылман басқа мұсылман бауырына сырттай дұға қылса, періштелер оған :"Саған да болсын!" дейді". (Муслим)
* Тақуалар мен ізгі адамдардың.
* Ата-анасының хақысына дұға етуші ізгі ұрпақтың.
"Расында Аллаһ Тағала (ізгі ұрпақтың дұғасымен) пенденің дәрежесін көтереді. Сонда пенде: "Бұл ненің себебінен?" — деп сұрайды, Аллаһ Тағала: "Сенің ұрпақтарыңның дұғасы себепті", — деп жауап береді". (Әл-Баззар).
Аллаһ Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді қабыл етсін! Әмин!