13 шілдеде күн жартылай тұтылды. Ай Жерге жақындап, екеуінің ара қашықтығы бар-жоғы 357,4 мың километр болды, деп хабарлайды Today.kz rg.ru сайтына сілтеме жасап.
Әлемнің көп бөлігі аспанда болған құбылысты бақылай алмады. Айдың көлеңкесі Тынық пен Үнді мұхиттарының оңтүстік бөлігінде таңертең шықты (Астана уақыты бойынша 07:48-ден 10:14-ке дейін). Табиғат құбылысы император пингвиндері шоғырланған аумақтан, Антарктидадан жақсы көрінді.
NASA аэроғарыш агенттігі мамандарының сөзінше, Ай Жерге жақындағанда осындай құбылыс байқалады.
Ай толғанда күннің толық тұтылуы сирек кездеседі. Соңғы рет 1974 жылы ай толғанда күн тұтылған. Енді бұл құбылыс 2080 жылы ғана болады.
Ай тұтылғанда адам ағзасына қандай да бір әсер бере ме? Негізі әсер бермейді. Ай толған кезде серікке жақындайды, бұл айкезбемен ауыратын адамдарға ауыр тиеді.
27 шілдеде жер тұрғындары толық айдың тұтылғанын көре алады. Ол 103 минут бойы тұтылып тұрады деп күтілуде.