Әйелдер арасындағы діни экстремизм – жаңа қауіп-қатер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер арасындағы діни экстремизм – жаңа қауіп-қатер

Әйелдер арасындағы діни экстремизм – жаңа қауіп-қатер

Әйел – отбасының берекесі. Тәрбиелі, адамгершілігі мол, иманды ұрпақтың қалыптасуына әйелдің қосар үлесі зор.

  • 10 Желтоқсан 2018
  • 175
Фото - Caravan.kz

Қоғамымызда өзекті мәселеге айналып отырған әйелдер арасындағы діни экстремизмнің қауіп-қатерлері жайлы не білеміз?

Караван медиа-порталының тілшісі «Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры, Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі Мұстафина Толғанай ханымнан сұхбат алды:

— Елімізде әйел адамдардың діни радикалдануы, діни экстремизмге қатыстылығы қалай жүзеге асып, қай уақыттан қауіп-қатерлер орын ала бастады? Ондай жағдайдағы әйелдермен жұмыс қашаннан және қандай түрде жүзеге асырылуда?

— Еліміздегі әйелдер арасындағы діни радикалдану үрдістері соңғы жылдары белең ала бастады. Тіпті, кейбір қыз-келіншектердің бүгінгі күні түзету мекемелерінде діни экстремизм баптары бойынша сотталып, жазасын өтеп жатқан фактілері бар.

Негізінен, діни радикалдынған немесе экстремизм үшін жауапқа тартылған әрбір әйелдің өзінің тарихы, бұндай жағдайға келіуінің өзіндік жолы бар. Әрине, ол жол – ауыр әрі күрделі. Кейбір қыз-келіншектер армандаған ғашығымен бірге болу үшін, діни талаптарға сәйкес адал жар боламыз деп абайысызда теріс пиғылды ағымдарға кетіп қалса, кейбір әйелдер қоғамда өз орнын таппай, психологиялық, әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды кешуде аталмыш радикалды ағымдардан қолдау көріп, өздері дінді толық түсінбей, шекті діни идеологияларды насихаттауға ат салысуда.

Әйелдер арасында дін мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру, реабилитациялық жұмыстарға келетін болсақ, шартты түрде 2016 жылдан кешенді жұмыстар қолға алында десек те болады. Мәселен, 2016 жылы Ақтөбеде өткен террористік актіден кейін сол өңірде бір ай шамасында ұйымдастырылған жұмысқа қарқынды түрде әйелдер аудиториясымен жұмыс жасайтын дінтанушы, теолог, психолог мамандар тартылды.

Одан әрі жұмыс ілгерілендіріп, еліміздің әр өңірінде түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Дін мәселелерін зерттеу орталықтарында әйелдермен жұмыс жасайтын мамандар жеке психологиялық, теологиялық кеңес беріп, ұжымдық тренингтер де жүргізуде. Басқа да түрлі шаралар орын алуда.

Сонымен қатар, ҚМДБ-да Әйелдер-қыздар секторы ашылып, өңірлердегі мешіттерге әйел ұстаздар діни сауаттылықты арттыруға бағытталған

сабақтармен қоса, дәстүрлі емес діни көзқарасты ұстанатын қыз-келіншектермен жұмыс жасауға ат салысуда.

Биылғы жылы Қоғамдық келісім комитеті әйелдер аудиториясы арасында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жқмыстарына ерекше назар аударуда. Мәселен, биылғы жылы еліміздің 8 өңірінде (Ақтөбе, БҚО, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан, Алматы облыстары, Алматы қаласы) арнайы түрде әйелдермен ғана жеке және топтық кездесулер, тренингтер, ұйымдастырылды. Деструктивті діни көзқарасты ұстанатындармен, түезту мекемелерінде бас бостандығынан айырылған қыз-келіншектермен арнайы жұмыстар жүзеге асты.

— Жыл өткен сайын тіркелген әйелдер саны әлі де артып келе жатыр ма?

— Бұл жерде біржақты пікір айту мүмкін емес. Себебі, қаншалықты ақпараттандыру, алдын алу жұмыстары жүзеге асырылуына қарамастан, радикалды ағымдарға бүйректері бұрып жатқан қыз-келіншектер аз емес. Негізінен, еліміздің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында дінге енді қызығушылық білдіріп жатқандарды дәстүрлі дін мен деструктивті ағымдарды ажырата білуіне барынша әрекет әйелдердің діни радикалдануында айтарлықтай тосқауыл бола алады. Дәстүрлі емес ағымдарға қызығатындардың қарқынды көбеіне атқаралып жатқан жұмыстар тоқтау қоуып жатады.

Ал, енді діни радикалданып қалған, дін көзқаасы әуел бастан кереғар қалыптасқан әйелдердің санасын қалпына келтіру оңай жұмыс емес екені анық. Ондай қыз-келіншектер кейбір жағдайда «көзқарасым өзгерді, діни ұстанымым дәстірімізге сай» дегенмен, санасынан, іс-әрекетінен деструктивті элементтер бірден шықпайды. Сондықтан, діни радикалданған әйелдер саны артты немесе кеміде деп айтуда барынша сақтық қажет. Діни радикалдану діни санамен байланысты құбылыс болғандықтан, бұл ұзақ уақытты талап етеді.

Сонымен қатар, дінге қызығушылық білдіріп, діннің талаптарына сәйкес өмір сүруге бет бұрған қыз-келіншектердің елімізде көбею үрдістері орын алады. Осы арада қоғамымызда, сондай-ақ, ғаламтор ресурстарында жүргізіліп жатқан кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан, күні бүгін де дінге енді-енді қызығушылық білдіре отырып, абайсызда радикалды ағымға кетіп қалып жатқандар да жоқ емес. Мұны да ескеру керек.

— Елімізде әйелдердің бетперде жауып, қара жамылғы киіп алуы дұрыс па?

— Біздің дәстүрімізде киім үлгіміз шариғи талаптармен сәйкес келген екенін білеміз. Еш уақытта ана-әжелеріміз, қыз-келіншектеріміз ашық-шашық, шаштарын жалбыратып жүрмеген. Осы уақытқа дейін қазақи киіммен діннің де талаптарын, ұлттық нақышты да сақтап келген.

Қара жамылу — біздің төл мәдениетімізге жат құбылыс. Ортамызда қара жамылған замандас, қатарлас қыз-келіншектерді кездестіру бүгін кездесетін жайт. Олардың түсінігінде діннің талаптарын орындау сол қара жамылғымен негізге алынатындай.

Еліміздегі дін саласындағы заңнамаға енгізілетін толықтырулар мен өзгертулерде осы жайтқа қатысты да нормалар талқыланғанын білеміз. Мұнда бастысы қауіпсіздікті сақтау мақсатында кез келген азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі болатын жағадайлардың алдын алу. Сондай-ақ, біз мынаны түсініп алғанымыз абзал: елімізде діни көзқарасына сәйкес орамал таққан кез келген қыз-келіншекті радикалданды деп айтуға болмайды. Заң жобасы бүгін талқылану үстінде екені көпшілігімізге мәлім.

Негізінен, дінді ұстанып, дәстүрден безбей, замануи үрдістерді де орынды ескеріп өмір сүру әбден мүмкін. Әдепті сақтап, сыпайы бейнеде болу деген қара жамылып алуда ғана ма? Әлбетте, бұл әрбір адамның жеке көзқарастарымен байланысты құбылыстар.

— Елбасымыз бір сөзінде: өзге елдер біздің байтақ жеріміз бен байлығымызға қызыға қарайтыны белгілі. Олар бізді жаулау мақсатында, адастыру мақсатында түрлі әдістер қолданады деген болатын. Сіздің ойыңызша, өзге елдің қитұрқы саясаты әйелдерді адастырудың бірден-бір тәсілі деп ойлайсыз ба?

Әйел – отбасының ұйытқысы. Әйел адам бала тәрбиелейтін болғандықтан әйелді радикаландыру арқылы ананың тілі арқылы, ананың сүті арқылы баланың да санасын улайды, отбасын бұзады. Әйелдер эмоцияға берілгіштігінің себебі. Әйелдер қауымы бір дүниені ұстанса берік ұстанады. Осындай көрсеткіштерден әйел адамды тартуының себебі екені айқын.

— Сирияға, өзге де елдерге алып кеткен әйелдерді қандай жолмен пайдаланады? Қолдарына қару беріп соғысуға ма, әлде, секс-жихадпен ба? Яғни, өздеріне жар етіп алу мақсатымен бе?

— Бақ көздерінде де, ол жаққа барып, қайтып келген өкілдерімізден де ол жақта нақты соғыс жоқ екенін, әйелдерді ешқандай адал мақсатта емес, теріс пиғылда қолданып жататынын біліп жатамыз. Неге тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектер ол жаққа кетіп жатады? Себебі, оларға әр түрлі ой салып, айла-амалмен армандатып қояды. Әйел адамдарға бұл жаққа келгенде адал жар табасыз, айналаңда мұсылмандар, қазір жүрген ортаңдағы адамдардың пиғылдары кері кеткен, діннен алыс деген сияқты түрлі арбаулар жасайды. Әйелдердің эмоцияға берілгіштігін пайдаланады.

Ол жаққа барып келген бірнеше әйел адамдермен сөйлескенімізде ол жақта ешқандай жүйе жоқ, ешқандай адалдық, тазалық жоқ екенін айтып жатады. Өмірлерін аман сақтап, құрбан болмай аман-есен келгендеріне шүкір етіп жатыр.

Әйел адамдарды соғыс алаңында дін үшін деп соғысып жүрген ер-азаматтардың нәпсілерін құмартуға, қажеттілігін өтеу үшін пайдаланған. Олардың ұстанымы өмір дегеніміз – бүгін бар адам, ертең жоқ деген дүниені көрсету болған. Ер адамдар әйелдерді бір-біріне алмастыру қалыпты жағдай деп, діндегі таза талақ пен неке деген ұғымдарды, ар жағын ашып айтпай, тек керекті жақтарын өз ыңғайларына бұрмалап алған.

— Экстремист әйелдер арасында жауапқа тартылып, жазасын өтеп жатқандар бар ма? Қандай жағдайларда қамауға алынады, немесе қандай жағдайларда босатылады?

-Түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан бірнеше әйелдермен кездескен болатынбыз. Олар діни экстремизмді, радикализмді насихаттау мақсатында сотталғандар. Әлеуметтік желі арқылы, ұялы телефондарға экстремизм, терроризмді насихаттайтын ақпаратты салып, тарату мақсатында, Сирияға бір рет барып келіп, екінші рет кетейін деп жатқан жерінен ұсталып қалып, жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер де бар.

— Елімізде жат ағымдарға қарсы жұмыс жасайтын қандай ұйымдар бар?

— Еліміздің көптеген өңірлерінде, әр облыстарда дін істеріне қарасты зерттеу орталықтары жұмыс жасайды. Діни көзқарастары теріс қалыптасқан адамдарды райынан қайтару мақсатында бөлімдер, орталықтар жұмыс жасайды.

Мәселен, Ақтөбе қаласында «Аңсар», Атырау қаласында «Шапағат» орталықтары бар.

Бір айда, бір жылда, екі жылда радикалданған адамдарды бірден бетін бұрып алу қиын мәселе. Ол өзі қалыптастырып алған дінге деген сенімін жүрегінен, ойынан сенім-

нанымын жұлып алып, сеніп жүрген дінің дұрыс емес деп, бетін бұрып әкету бірден оңай шаруа емес. Бұлай жұмыс жасау уақытты талап ететінін айта кетуіміз керек.

Толғанай ханым! Сұхбатыңызға көп рахмет! Атқарып жұмыстарыңыздың оң нәтиже беруіне тілектеспіз!