Елордада қыруар қаржыға салынған футбол алаңдарының тоз-тозы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада қыруар қаржыға салынған футбол алаңдарының тоз-тозы шықты

Елордада қыруар қаржыға салынған футбол алаңдарының тоз-тозы шықты

Ата-анадан да, үлкендерден де ұрыс естіп шаршадық!

  • 3 Мамыр 2019
  • 63
Фото - Caravan.kz


Нұр-сұлтандық өрендердің өкпесі бұл. Себебі, жасөспірімдерге арналған футбол алаңдары өте қауіпті. Ал тұрғындар мемлекеттің қыруар қаржысына салынған спорт алаңдарына кімнің жауапты екенін білмейді. Таяу жылдары салынған нысандардың қазіргі күйі адам шошырлықтай.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 
 
АЙТМҰХАНБЕТ МУСИН,ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 
«Ешкім қарамайды. Мына есіктер бәрі сынып жатыр. Балаларға өте қауіпті. Бұрында Совет Үкіметі кезінде дворовой клубтар болатын. Соның методисті  жауап беретін. Қазір білмейміз. Түнде де үлкен жігіттер ойнайды. Кішкентай балаларды қуып шығады». 

Тұрғындардың айтуынша, мына футбол алаңы бір-екі жыл бұрын салынған. Бірақ қазіргі күйін көріп тұрсыздар, қақпаның айналасы қақырап, далдұлы шыққан. 

Экспоның қарсаңында спорттық алаңдарды көбейіп еді астанада. Біраз аулаға, әсіресе шет жақтағы жаңа аудандарға салынды. Елордаға сән берген нысандар енді Нұр-сұлтанның сиқын бұзып тұр. 

 ГҮЛМИРА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Мынаны енді кішкентай балалар сындырмайды ғой. Бұған қандай күш керек. Себебі үлкен жігіттер ойнайды ылғида». 

Қазір Қажымұқанды, Алпамыс батырды білмесе де, Роналдо, Мэсси сияқты футбол жұлдыздарына еліктейтін жастар көп. Бірақ өрендер өкпелі. 

«Мына жердің барлығы жыртық. Аяғымыз шалынып құлап, аяқкиімімізді жыртып аламыз. Ата  аналарымыз ұрсады, неге дұрыстап кимейсің, неге жыртасың деп». 

«Футбол ойнап жатқан кезде тесіктерден доп шығып кетеді. Кішкентай балалар ойнап жүрген площадкаға кетіп қалады. Кішкентай балаларға тиеді де бізге үлкен кісілер ұрсады. Абайламайсыңдар ма деп». 

Тұрғындар балалар үшін алаңдайды. Қираған, жұлынған темірлерден жарақат алама деп қорқады. Қолжетімді депутаттардардан да сұрап көрдік бұл мәселені. 

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Кімнің балансында, кім жауапкершілікке алды сол жауап беруі керек.  Меншіктегі футбол алаңы болса меншік иесі жауап береді. Қаланың балансында болса, әкімшілік міндетті түрде жауап береді. Салып алып, «Әп-әдемі ән еді, Пұшық айтып қор қылды» қылмай, аяғына дейін апару керек қой. Әйтпесе түсінікті».

Осы мәселеге байланысты әкімдікке хат та жолдадық. Ресми сұраққа үш күн жауап іздеген Нұр-сұлтан қаласының аппаратынан қазақша сөйлейтін бір адам табылмады. 

БАҚТИЯР ТАПАЕВ САРЫАРҚА АУДАНЫ  АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 
«Футбол алаңдарын күтіп ұстау, жөндеу әкімдіктің қызметіне кіреді. Бізде жауапты маман бар. Олар аудан бойынша барлық алаңдарды аралап, нақты сынған бүлінген нысандарды анықтаған соң біз іске кірісеміз». 

Бізге сұхбат берген бөлім басшысының дерегінше, елордадағы  Сарыарқа ауданының өзінде 90-нан аса осындай футбол алаңы бар екен.  Бірақ санын білгенмен сапасынан бейхабар. 

АЙТМҰХАНБЕТ МУСИН  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 
«КСК біз жауап бермейміз дейді. Сол себепті осындай болып тұр қараусыз. Енді әкімдік жанынан КСК-ні міндеттеу керек шығар. Әйтеуір қарайтын адам керек қой. Үлкен кісілер келіп айтамыз, бүйтпеңдер, сүйтпеңдер деп. Бізді кім тыңдайды». 

Әзірге, бұл міндет аты шулы КСК-лардың құзырына кірмейді. Бір анығы спорттық алаңдар жергілікті бюджеттің ақшасына салынған. Құрылысынан бөлек, ағымдық жөндеу жұмыстарына да миллиондар бөлініп жатыр екен.