Қайда оқыған дұрыс: Елімізде жаңа әскери мамандықтар көбейе түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайда оқыған дұрыс: Елімізде жаңа әскери мамандықтар көбейе түседі

Қайда оқыған дұрыс: Елімізде жаңа әскери мамандықтар көбейе түседі

Орта мектепті тәмамдағаннан кейін бітірушілерге қайда бару керек, қандай оқу орнын таңдаған дұрыс деген заңды сауал туындайды. Қазір елімізде түрлі мамандықтар бар. Атап айтқанда дәрігер, мұғалім, бағдарламашы, металлург және басқа да. Дегенмен сол көптеген мамандықтардың ішінде дараланып тұратын ерекше бір мамандық ол - Отан қорғаушысы.

  • 25 Маусым 2019
  • 797
Фото - Caravan.kz

Бүгінде әскери мамандық иесі атануға талпынатын жастар қатары көбейіп келеді. Әйтседе, әскери мамандықтың да түр-түрі барын ұмытпау керек. Ендеше әскердің қай бағытын таңдайсыз?

Caravan.kz медиа-порталы соңғы жылдары елімізде ашылған жаңа әскери мамандықтар, Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери жоғары оқу орындары жайлы мәлімет жинады.

Әскери оқу орындары

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Әскери институты. Мұнда 15 мамандық бойынша офицерлер дайындайды. Бұл парашютшылар, атқыштар, әскери аудармашылар, әскери инженерлер, сондай-ақ мотоатқыштар, автокөлік әскерлері, зымырандар мен артиллерия қызметкерлері дйындалады. Бұған қоса 2016 жылы «әскер ісіндегі менеджмент» деген жаңа мамандық ашылған болатын.

mod.gov.kzmod.gov.kz

 

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты.

Мұнда 11 мамандық бойынша сарбаз дайындайды. Атап айтқанда «Радио және радионавигация», «Байланыс желілері және коммутация жүйелері», «Радиотехника әскерлері», «Автоматтандырылған басқару жүйелері», «ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздік технологиясы. Мемлекеттік құпияларды қорғау-бақылау, Радио зенитті-зымыран әскерлері, Радио зенитті-зымыран әскерлері және технологиялық жабдық. Радиотехникалық жабдықтар, ZAK, IRC, қысқа ауқымды әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыран жүйелері және олардың жауынгерлік қолдану.

 
 
Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты.

8 мамандық бойынша әскери маман дайындайды. Оларға «Әскери авиация тактикалық әскерлерінің ұшу аппараттарын пайдалану», «Навигациялық тактикалық авиация», «Авиацияның командалық-тактикалық жауынгерлік бақылауы», «Әуе кемелерін және қозғалтқыштарды техникалық қызмет көрсету», «Авиациялық электрондық техника», «Авиациялық электронды және ұшу-навигацияның электрондық жабдықтарын техникалық пайдалану»,

forum.rcdesign.ruforum.rcdesign.ru

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атанды кадет корпусы. Онда «Әскери істегі кіші бөлім менеджменті» жаңа мамандығы бойынша оқытылады. Бұрын «Автомобильдер мен бронетехникаларды жөндеуге арналған механик» және «Компьютерлік оператор» біліктілігі бойынша ғана оқытылатын.

Қыздар да оқиды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2016 жылы барлық азаматтық жоғары оқу орындарында қыздарға арналған әскери кафедралар ашылды.

Әскери кафедраға түсу үшін қыздар медициналық тексеруден өтуі, дене шынықтыру стандарттары мен психологиялық тестілеуден өтуі керек. Қыздардың барлық көрсеткіштерң комиссия отырысында қарастырылып, талқыланады.

Ал әскери кафедрада білім алған қыздарға ҚР Қарулы Күштері қатарында офицер ретінде өздерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Оқу аяқталғаннан кейін барлық шәкірттерге «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі және олар автоматты түрде ҚР Қарулы Күштерінің жұмылдыру резервіне түседі.

mod.gov.kzmod.gov.kz

 

Жаңа
әскери
мамандықтар ашылды

Еліміздегі әскери ЖОО-да жаңа әс­кери мамандықтар ашылды. Егер атап айтсақ өткен жылы Радиоэлектроника және байланыс әс­кери-инженерлік институтында «Киберқауіпсіздік» мамандығы ашылды. Бұл мамандық қазақ әскерін ақпараттық технологиялар саласы мамандарымен қам­тамасыз етіп, біліктіліген арттыру мақсатында қолға алынған. Кез келген әкери мамандықты таңдағысы келген абитурент аталмыш мамандықты таңдауына болады.

Сондай-ақ, өткен жылы Ресей Қорғаныс минис­тр­­лі­гі­нің әскери оқу орындарына «Аударма және аударманы жүр­гі­зу», «Геоақпараттық картогра­фия», «Ғарыштық кешендер же­лі­лері мен байланыс жүйелері» жә­не «Жерүсті әскерлердегі емдеу ісі» мамандықтары бойынша нәзік жандарды қабылдау жүзеге асырылады

Еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығы бойынша жастарды әскери-техникалық мектептерге оқуға тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстары күшейтілді.

Әскердегі жаңа мамандықтар көбейе түседі

Жыл сайын Қазақстан армиясына 14 мыңға жуық адам қабылданады. Ал әскери жастағы жастардың саны Қарулы Күштердің қажеттіліктерінен бірнеше есе көп. Сондықтан Отан қорғаушылардың басым бөлігін құрайтын резервін қалыптастыру үшін Қорғаныс министрі айтқандай «әскери-техникалық мектепте оқуға жастарды тартуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жеделдету қажет.

«Әскери-техникалық мектептердің қызметін дамытудың маңыздылығын ескере отырып, Қарулы Күштер үшін қажетті мамандықтардың тізімін кеңейту мүмкіндігі қарастырылды», — дейді Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының Алматы филиалының бастығы Мирас Жылгелдин КАРАВАН басылымына берген сұхбатында.

— Егер бұрын біз тек қана атқыштар дайындаған болсақ, жақын арада біз парамедиктер, сапер-минер, кіші авиация маманы сияқты әскери мамандықтар бойынша дайындықты бастаймыз. Барлық ұйымдастырушылық мәселелер бойынша жергілікті әкімшіліктермен жұмыс жасаймыз, олар жұмысқа орналасу орталықтары арқылы біздің базада кәсіби жүргізушілер дайындайды. Бұл үшін барлық жағдай бар — қолданыстағы автодромдардан бастап жабдықталған техникалық сыныптары дейін. Оқу құны бұрынғыдай — 263 318 теңге

Дегенмен мектепке қажетті жастармен толтыру үшін уақыт керек. Мысалы, қазір мұнда 90 адам ғана оқиды, бірақ оны 180-ге дейін жеткізу көзделіп отыр. Жаңа бас директордың келуімен бірталай өзгерістер де енгізілген.

Мысалы, оқу жоспарлары түзетілген. Жаңа штат бекітіліпті. Қаражы айналымы қайта бөлінген, материалдық-техникалық база жетілдірілу үстінде.

Жалпы тәуелсіздік алғалы бері елімізде Қарулы Күш­терде әскери кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесі құ­рылды. Жүйе үзліссіз білім бе­ру үдерісін қамтамасыз ете­ді, сондай-ақ Қазақ­стан Республикасының «Білім беру туралы» за­ңын­да қарастырылған бес дең­гей­ді қамтиды. Яғни, орта бі­лім, техникалық және кәсіби, жо­ғары білім – бакалавриат, жоғары оқу орнынан кейінгі білім – магистратура және докторантура, сондай-ақ қосымша білім – әскери кафедралар, қайта даярлау және біліктілікті арттыру.