Отбасымен астанадан Шымкентке бағыт алған қоғам белсендісі бұл әуе компаниясының сотта жеңіліп қалғаннан кейінгі істеп отырған қитұрқы әрекеті деп баға берді. Билет сатуын сатып, бірақ, ұшаққа кіргізбей қойғандарды енді тағы сот процесі күтеді.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Сендер Қазақстанның заңын бұзып масқара болдыңдар. Осыдан сабақ шығармайсыңдар ма? Әлі сабақ шығармайсыңдар ма? Сіз біздің тізімімізде тұрсыз!».
Билеті қолында болғанымен Шымқалаға әуе кемесі Оғыз Доғансыз ұшып кетті. Даудың басы қайда жатқанын журналист жақсы біледі екен.
ОҒЫЗ ДОҒАН ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Біз бұларды заң алдында тізе бүктірдік емес пе? Мына жігіттерге де мен айтып тұрмын. Америка не Финляндия заңымен емес, Қазақсанның заңымен біз жеңіп шықтық емес пе?! Бұлар мені ұшаққа мінгізбей жатыр!».
Бұл шудың басы осыдан екі жыл бұрын басталған болатын. «Эйр Астана» компаниясының ұшағына мінген азамат қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұраған болатын. Бірақ борттағы қызметкерлердің бірі де мемлекеттік тілді білмей шыққан еді.
Қойған талабы былай тұрсын, Оғыз Доғанның үстінен сол кезде шағым түскен еді. Мемлекеттік білуге міндетті мамандарды қоғам белсендісі сотқа беріп, ұзақ процестерден кейін жеңіп шығып кешірім сұратқан еді. Әуе компаниясы «простите!» дегенімен кек сақтап қалғандай.
«Бізде «Флай Арыстан», «Эйр Астана» деген бір компания. Мен қара тізімдемін? Бізде сондай информация келді. Біз рұқсат сұрау керекпіз. Өйткені сол компанияның ережесімен жұмыс істейміз. Қазір біз рұқсат күтеміз. Сосын бәлкім отырғызамыз».
Оғыз Доған ұшаққа отыра алған жоқ. Мәселенің мән жайын білейік деп «Эйр Астана» компаниясына хабарластық. Ондағы мамандар әлі ненің не екенін анықтап болған жоқпыз. Дайын болғанда хабарласамыз деп жылы жауып қойды.
Мемлекеттік тілді білмейтін не білгісі келмейтін мамандары бар орындарды сынға алуды қоғам белсендісі нысанаға алған.
« Уберите камеру. Мемлекеттік тілде сөйлеңіз. Камеру уберите».
Сол кездегі атауы «Қазкоммерцбанк» деп аталған қаржылық компанияның бөлімшесіне барып депозит ашпақшы болған ол қазақ тілін білетін бір маман таппай сабылып еді. Банк қызметкерлері былай тұрсын, бөлім басшыларының өзі бір ауыз ләм-лим дей алмай оны бөлімшеден қуып шыққан еді. Бұл жағдай жоғам наразылығын тудырғанда, «қазақ тілін білуге міндетті емеспін» дегендерден бастап банк башылығы да кешірім сұраған еді.
Доған мырза әуе компаниясының бұл әрекетін бейжай қалдырмаймын деп отыр. Барлық жоспарын бұзып, өзін қара тізімге кіргізгендермен зағ тілінде сөйлеспек.
ОҒЫЗ ДОҒАН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ
«Мен визиткадағы нөмірге хабарластым. Ол кісілерге де осы жағдайды түсіндірдім. Маған жауап беретіндерін айтты. Бірақ біздің адвокатымыз Абзал Құспан бүгіннен бастап заңды процесті бастайды»
Ақын Ұларбек Дәлейұлы компанияның былай істегені барып тұрған ақымақтық екенін айтады. Бұл әрекеттерінің астарында мемлекеттік тілді менсінбеушілік жатыр екен.
ҰЛАРБЕК ДӘЛЕЙҰЛЫ, АҚЫН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Қазақ қоғамында қазақтілділер мен орыстілділер болып екіге бөлінеді ғой. Орыстілділер ешқашан қазақ тілін мойындамайды, мойындағысы да келмейді. Бірақ бәрібір мына нәрсені білу керек. қанша олар қарсыласса да, қазақ тілінің дауысын бәсеңдеткісі келсе де қолдарынан ештеңе келмейді. өйткені қазақ халқының саны көбейіп кетті".
Қазақтың саны көбейгенімен, тілдің жанашыры болып жаны шығып жүргендер шамалы. Сондықтан да болар мемлекеттік тілдің сойылын түрік журналисі соғып жүр. Ал былайғы жұрт бұл оқиғалар тізбегіне бір қарап, «мынау не шоу?» деп отырғанын мойындау керек.