Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады.

  • 4 Желтоқсан 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz

Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Сапар барысында канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. 

Сапар бағдарламасына мемлекет басшысының президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, "Германия – Орталық Азия" парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады. Сондай-ақ, неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді, — делінген жазбада.