«Караван» пайызсыз бөліп төлеу жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және оны қолдану барысында кімнің пайда көретінін, яғни сатушылар ма, сатып алушылар ма немесе банктер ме дегенді анықтап көрді.
Жинақтау
Мәселен, сізге тоңазытқыш керек делік. Ірі тұрмыстық техника көп жыл қолдану есебімен сатып алынады. Сондықтан бірен сапалы, сенімді, энергия үнемдейтін жоғары класты тоңазытқышты таңдау керек (бұл электр энергиясы үшін ақы төлеген кезде үнемді болады).
Тоңазытқыштың бағасы Қазақстан Республикасындағы орташа жалақымен салыстырылады. Сондықтан, көпшілік қазақстандықтар үшін бұл отбасылық қазынаға айтарлықтай салмақ салады. Мұндай сатып алуды қаржыландырудың ең кең тараған түрі — ақша жинау немесе бөліп төлеу. Екі нұсқаны да қарастырып көреміз.
Бір қарағанда жинақтау ең қауіпсіз әрі тиімді әдісі сияқты болып көрінеді. Бірақ оның бір кемшілігі бар: сіз ақшаны үнемдеп жатқанда, инфляция мен девальвация оларды құнсыздандырады.Сонымен қатар, тоңазытқыш — бұл бірнеше ай бойы жиналғанын емес, дәл қазір қажет болуы мүмкін нәрсе.
Бөліп төлей отырып, сіз тоңазытқышты сатып алып, оны дереу қолдана бастайсыз әрі белгіленген соманы пайызсыз төлейсіз. Бұл жағдайда инфляция сізге жұмыс істейді. Тіпті импорттық тауар қымбатқа түссе де, төлеміңіз өзгеріссіз қалады.
Инвестиция
Кез-келген тоңазытқыштың құнын бірден төлей алатын тұтынушылар да бөліп төлеу тәсілін жиі қолданады. Бұл себебі түсінікті. Айталық, сіз 1 миллион теңгеге жиһаз бен тұрмыстық техниканы сатып алғыңыз келеді делік және сіз дереу барлық соманы төлей аласыз. Бұл жағдайда сіз ештеңе жоғалтпайсыз, сонымен қатар қосымша артықшылықтар ала алмайсыз. Тауарды пайызсыз, мысалы, екі жылға бөліп төлеуге болады. Ал 1 миллион теңгені депозитке салып, екі жыл ішінде 200 мың теңге көлемінде сыйақы алуға болады.
Бөліп төлеу арқылы барлығын, соның ішінде киім, аяқ киім және азық-түлік сатып ала аласыз. Жаңа жылға азық-түлік пен алкогольдер үшін маңызды сауда жасауға болады, әсіресе егер сіз үлкен дайындық жасасаңыз. Ал қалған қаражатты валютаға, депозитке, бағалы металдарға, құнды қағаздарға немесе бизнеске салуға болады. Тиыннан теңге құралады.
Несие тарихы
Жақсы несие тарихын тек қана банктер бағаламайды. Мысалыға шетел компанияларына жұмысқа тұратын кезде, виза алатын кезде, сақтандыру полисіне есептеу кезінде де сіздің несие тарихыңыз қаралады. Бөліп төлеу – несие тарихын бұзып алмаудың ең оңай тәсілі. Қандай да бір затты бөліп төлейтін кезде сіз артық төлемейсіз, оны төлеген кезде де жеңіл болады. Бастысы уақытында несиеңізді төлеп тұрсаңыз, сіздің «несиелік рейтингіңіз» жоғары көтеріле береді. Бұл сізге маңызды емес дегеннің өзінде де несиелік рейтингтің қай кезде маңызды екенін сіз білмейсіз.
Бұл қалай жұмыс жасайды?
Қандай да бір затты бөліп төлеу үшін алуға үш тараптың қатысуымен жүзеге асырылады: сатып алушы, сатушы және банк. Несие жағдайында банк қызметі үшін сатып алушы төлейді. Ал бөліп төлеу кезінде сатушы төлейді. Дүкендер үшін бұл тиімді, өйткені дүкенге сатып алушылар көп келетін болады. Әрине банк комиссиясын төлеу үшін сатушылар өнім бағасын көтеруі мүмкін. Бірақ, біріншіден зат сататын жердің конкуренциясы мықты болады, затты көтермелеу олардың өз қолдарында. Екіншіден, сатып алушылар ұялы телефон болсын, фотоаппарат болсын оның барлығын өздері ғаламтор арқылы тапсырыс бере алады. Үшіншіден, қазіргі кезде бірінен-бірі жаңа киім, телефон, техникалар шығып жатқандықтан оларға былай сату қиындық тудырады. Өйткені, олар ескі заттармен, сол бағамен пайда көрмей қалып қоюы мүмкін. Сол себепті де сатушылар үшін сатып алушылардың бөліп төлеуі өте тиімді. Дүкендер осындай бөліп төлеудің арқасында көптеген заттарын сатып ала алады, сатушыларға да бөліп төлеу тиімді. Әрине банктер де бұдан пайда алады. Бар математика осы.