Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біздің үш ұсынысымыз бар. Бірінші, шетелдегі этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беру. Бұл өте қызу талқыланып жатқан мәселе қазір. Екінші, Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың туған жерін тұрғылықты жері деп өзгертіп жазу. Яғни паспорттарда мәселен, туған жері Қытай деп жазылып жатыр", — деді Саясат Нұрбек ол ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.
Соңғы үшінші ұсыныс, оның айтуынша, 18 қарашаны Ұлттық көші-қон күні мерекесі етіп белгілеу.
Бүгін астанадағы Тәуелсіздік сарайында ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтеді. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.