Сауд Арабиясында ерте некелесуге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясында ерте некелесуге тыйым салынды

Сауд Арабиясында ерте некелесуге тыйым салынды

Сауд Арабия билігі ерте некелесуге тыйым салды. Бұл туралы Saudi Gazette елдің заң министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. 

  • 26 Желтоқсан 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

Жаңа заңнамада некелесудің ең төменгі жасы – 18 жас деп бекітілді. 

Елдің әділет министрі Уалид ас-Самаянидің жергілікті соттарға жіберген құжатында 18 жасқа толмаған жасөспірім некелесуді қаласа арнайы рұқсат алу керек екені көрсетілген.

Бұл жағдайда соттар ерте некелесудің адам өміріне қалай әсер ететінін анықтау үшін әрбір сұранысты талдап етіп отыруы керек.

Айта кетсек, 3 қазанда Сауд Арабиясында әйелдерге әскерде қызмет етуге рұқсат берілгені туралы хабарланды.


Қазақстанда ерлер үшін де, әйелдер үшін де неке жасы 18 деп заңмен бекітілген.