Алматы әкімі ұшақ апаты болған жерге барды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімі ұшақ апаты болған жерге барды

Алматы әкімі ұшақ апаты болған жерге барды

Алматыда 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air ұшағы құлады. Оқиға орнына оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев келді.

  • 27 Желтоқсан 2019
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алматы қаласының әкімі қазір әуежайда. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан тоғыз адам қайтыс болды, тағы 9 адам жарақат алды. Оның ішінде 6 бала бар.

ҚР ІІМ ТЖК хабарлауынша, апат әуе кемесін ұшыру кезінде болған. Қазіргі уақытта адамдар эвакуациялануда.

Бортта барлығы 100 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды.

Зардап шеккендер үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Арнайы үкіметтік комиссия құрылды, оны Асқар Мамин басқарады.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдай туралы айтты. Мемлекет басшысы апатта қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.