Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады. Бұл туралыSputnik Қазақстан тілшісіне президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының жанындағы жолаушылар ұшағының апаты мен сол жердегі адамдардың қазасына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады", — деді Берік Уәли