Сұрақ: Мұсылмандарға гематоген жеуге бола ма?
Бүгін дəріханада:
— "Мұсылмандарға гематоген ішуге болмайды, құрамында аюдың қаны бар", деп түсіндірді. Интернеттен оқып қарап, құрамында аю емес, бұқаның қаны бар екенін білдім. Білгім келгені, бізге гематоген ішуге бола ма?
Жауап:
Жануарлардың қаны — нəжіс, оны ішуге болмайды, сондықтан қан араласқан нәрсенің бəріне, рұқсат етілмейді. ✍🏼 Муфтий Әбу Əли əл-Ханафи حفظه الله
Ақпарат көзі: Иман нұры парақшасынан