Нұр-Сұлтандық журналист "Әлем ханымы" байқауында үздіктер қатарынан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтандық журналист "Әлем ханымы" байқауында үздіктер қатарынан табылды

Нұр-Сұлтандық журналист "Әлем ханымы" байқауында үздіктер қатарынан табылды

Жалпы 96 әйел қатысқан байқауда ол 13-орынға тұрақтады. Бұл туралы Арайдың өзі Instagram-дағы парақшасына жазды. Ол алдымен осы нәтижеге көңілі толатынын айтып және бас жүлдеге ие болған "Мьянма ханымын" құттықтады.

Арай Әлімхан – отандық телеарналарда жұмыс істеген журналист. Бұл күнде екі бала тәрбиелеп отыр. Декреттік демалысын п?

  • 31 Желтоқсан 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Арай Әлімхан – отандық телеарналарда жұмыс істеген журналист. Бұл күнде екі бала тәрбиелеп отыр. Декреттік демалысын пайдаланып, әлеуметтік желіде өте белсенді. Отбасылық қарым-қатынасы, ана мен бала, әйелдер тақырыбында пост жазып тұрады. 

Ол байқауға қатысуға ұзақ ойланған. Себебі, өзінің айтуынша, "Біріншіден, бір елді таныстыру — үлкен жауапкершілік". Сонымен қатар, өзінің бойының аласа болуы да қорқыныш тудырған.