Меруерт Түсіпбаева ұлына 90 мың долларлық үй сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меруерт Түсіпбаева ұлына 90 мың долларлық үй сыйлады

Меруерт Түсіпбаева ұлына 90 мың долларлық үй сыйлады

Болашақ келініммен бір шаңырақ астында тұрмаймын - деп айтатын атышулы әнші Меруерт Түсіпбаева өз сөзінде тұрды.

  • 9 Қаңтар 2020
  • 101
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы caravan.kz медиа порталы Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құны 90 мың долларға бағаланатын үйді ұлы Нұрғисаға әншінің өзі сыйға тартты. Биыл кәмелет жасқа келген Нұрғисаның қуанышында шек жоқ. Бүгінде ол Нұр-Сұлтан қаласында " IT" университетінде білім алып жатыр.

"Балам бөлек тұруға дайын. Мен балам үшін қорықпаймын оның қолынан бәрі келеді. Болашақта да үйленіп жатса бәрібір бөлек кетеді ғой. Өзімнің уәдем болған соны орындап жатқан жайым бар. Келін ол менің — досым болуы керек. Кейбір қазақтар сияқты келінді жұмысқа жегіп, құл сияқты жұмсай алмаймын. Балам екеуін бөлек жіберемін, өз күндерін өздері көргені дұрыс. Ең бастысы келінім балама адал болса болды. Мен оны қызымдай көремін. Қысқасы мазаларын алудан аулақпын" — дейді.

Жалғыз ұлын үйлендіруге асығып жүрген әнші тіпті дүркіретіп той жасауға қаржысын жинап жүрген көрінеді.