Сәбидің аузын жауып, байлап қойған: Түркістан облысында болған сұмдық оқиғаның мән-жайы - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәбидің аузын жауып, байлап қойған: Түркістан облысында болған сұмдық оқиғаның мән-жайы

Сәбидің аузын жауып, байлап қойған: Түркістан облысында болған сұмдық оқиғаның мән-жайы

Әлеуметтік желіде бөлме ішінде байланған баланың видео тараған болатын. Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

  • 10 Қаңтар 2020
  • 66
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысының полициясы 3 жастағы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жантүршігерлік видеоны Айгүл Орынбек есімді желі қолданушысы Facebook-тегі жеке парақшасына жүктеген. Видеодан бүлдіршіннің қолы байланғанын, аузы орамалмен жабылғанын анық көруге болады. Сондай-ақ онда адамдардың ұрысып жатқанын анық ести аласыз.

Түркістан облысының полиция департаменті оқиға 8 қаңтар күні Сарығаш ауданында болғанын жеткізді. Тәртіп сақшылары балаға зорлық-зомбылық көрсеткен әйелді тапқан.

"Бұл жайт 8 қаңтарда Сарығаш аудандық полиция бөліміне сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туған ұлына қысым көрсетті деп шағымданды. ҚР қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша іс қозғалды", — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.