РФ тергеу комитетінің Санкт-Петербург бойынша басқармасы осы оқиғаға қатысты ресми хабарлама жариялады. Оған сәйкес, тергеуге дейінгі тексеріс басталды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жазатайым оқиға кезінде қатты жарақат алды. Ол өз пәтеріне кіріп бара жатқанда шалқасынан құлаған.
"Журналистские расследования" ақпараттық агенттігі Джексеновтың Қазақстанның ІІМ ТЖК-де жұмыс істегенін хабарлаған. Соңғы жылдары ол зейнеткерлік демалыста болған екен. Джексенов 6 жыл бұрын Ресейдің солтүстік астанасына көшіп, сонда кәсіпкерлерге кеңес берумен айналысқан. Оқиға орнында тексеріс жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сот-медициналық сараптама өткізіледі. Тергеу қызметінде оқушылардың ер адамды өлтіргені туралы ақпарат жоқ.