АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы 1 ақпанда Қазақстанға ұшып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы 1 ақпанда Қазақстанға ұшып келеді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы 1 ақпанда Қазақстанға ұшып келеді

2020 жылдың 1-2 ақпанында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео іссапармен Нұр-Сұлтанда болады.

  • 26 Қаңтар 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сапар аясында Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады", — деп хабарлады сыртқы саяси ведомство өкілі.

Еске салсақ, Майкл Помпео Қазақстанға 5 қаңтарда келуі тиіс еді. Алайда 2 қаңтарда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Бағдадтағы америкалық елшілік ғимаратындағы тәртіпсіздіктерге байланысты бес елге жоспарланған сапарын кейінге қалдырған болатын.


 

Соңғы жаңалықтар