Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біз бүгінде жерсерігінің бейнесіне сәйкес келетін техникалық-экономикалық негіздеумен айналысып жатырмыз, содан кейін қажетті конкурстық шаралары басталады. ТЭН бойынша — шамамен 40 миллиард теңге. Бұл жер серігінің қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жер үсті жүйелерімен байланысты кететін шығындар", — деді Асқар Жұмағалиев.
Министр құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, кейін конкурс жарияланатынын, одан кейін бас мердігер анықталатынын айтты.
2018 жылы 4 желтоқсанда Калифорниядағы ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыран-тасығышында екі қазақстандық — микроспутник KazSTSat және наноспутник KazSciSat-1 құрылғылары ұшырылды және іске қосылды.