Актриса Құралай Анарбекова: Қорқынышты фильмге түсуге тәжірибеміз жетпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Актриса Құралай Анарбекова: Қорқынышты фильмге түсуге тәжірибеміз жетпейді

Актриса Құралай Анарбекова: Қорқынышты фильмге түсуге тәжірибеміз жетпейді

Қазақ киносы қарыштап дамып келе жатыр! Иә, бұл қағытпа қалжың да, астарлы әзіл де емес. Осы сенбінің кешінде біз отандық киномотографияның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды атап өтіп, олардың арман-мақсаттарын тыңдайық.

  • 10 Ақпан 2020
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Иә, бұл кейінгі уақытта шыққан фильмдердің бір парасы ғана. Отандық режиссердер халықты күлдіре отырып ой салуды мақсат тұта бастаған. Құр ыржың-тыржың жоқ. Кейде әрбір жаңа премьерадан шығып келе жатып неге біздің мамандар көбіне комедия түсіреді деген пікір қалыптасады.

«Халықты алдай алмайсың. Қорқынышты фильм түсіру үшін білмеймін тәжірибе керек шығар. Бәлкім біздің тәжірибеміз жетпейтін шығар. Боевик түсіру үшін машина жару керек, каскадерлық жұмыстар. Қаражат жағынан шығындар. Региондар бойынша өздеріміздің күлкінішті сөздеріміз бар. Соларды қосқанда адамдар өздерін көргендей болып, шын сеніп, жақын тартып комедияны. Және франшиза ғой. Бизнес по казахский, Брак болсын. Халық күтіп келеді», — деді актриса, продюсер Құралай Анарбекова. 

Тұтас фильмді бір камераға түсіріп, көпшілікті бір таңғалдырған азамат вайнер Мейіржан Төребаев. Біздің режиссерлер мен продюсерлер неге тиын санап жүргенін парламентке барғанында айтып еді. Адам шындыққа ғана күледі деген рас сияқты. Депутаттар езуін жия алмады.

«Қазақфильмге» қаншама қаражат бөлінеді. Ол ақшаға түсірілген картиналар қайда кетеді? Дайындап қоймаға тығып қоятын сияқты. Тексеріс келгенде алып шығады. Күлкің келеді. Бізге беріңіздерші сол қаражатты. Керемет дүниелер жасар едік», — деді актер Мейіржан Төребаев. 

Нұртас Адамбай кім болмады?! Бірде қаладан ауылға барған Сабина келін, екінші картинада құдаларын менсінбейтін әйел, одан қалды қылмыскер, әкім. Солай кете береді.

Былай қарасаң кинотеатрларда көрсетілетін фильмдерде үнемі бір адамдар жүреді. Оны сіз де байқаған боларсыз? Режиссер былай дейді.

«Бізде халық саны көп емес. Небәрі 18 миллиондай. Сондықтан актерлер Ресей сияқты елдердегідей көп емес. Нарықта бар әртістерге рахмет. Егер кино мен телевидение жақсы дамыса, бәлкім сапалы мамандар көп болар ма еді. Біздің елде бұл бағытта жүргендерге оңай емес. Себебі, күнде кино түсіріліп жатқан жоқ. Олар күтуге мәжбүр. Тұрақты жалақылары жоқ. Міне, мәселе қайда?! Егер барлық жерде бір актерлер жүргеніне көңілі толмайтындар болса, курстарға барып оқып, өзі фильмге түссін», — деді Нұртас Адамбай.

Жас мамандардың киномотографияға жасаған қадамдары оңды болғанын көрген әншілер жағы да бұл бағытта бағын сынап көрді. Бүркіт, Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртастар да отандық киноның дамуына өз үлестерін қосты. Қалжыңсыз.


Сан бар дерде сапа болатынын ескерсек, оларға да рахмет. Ал актерлердің жұмысқа деген ынтасы қандай?

«Ескі мектеп өте жауапты. Жаңа мектеп шамалы еркелеген. Сөздің шыны керек. Барлық актерлер жайлы айта алмаймын. Ішінде іріктеп шақырған, продюсер ретінде қынжылған сәттер болды», — деді продюсер Құралай Анарбекова. 

Қысқасы, барымен базар деп кино саласында бақ сынап жатқандар жоқ емес. Сапалы туынды керек десең айналып келіп қаражатқа тіреледі екен.

«Біздің кезеңдегі қарапайым комедияны түсіру үшін декарациясыз, супер қымбат әртістерді шақыру қажет болмаса кемі 100 миллион теңгедей кетеді. Ал тарихи фильмдерді жарыққа шығаруға миллиардтаған қаражат жұмсалады. «Томирис», «Қазақ хандығы» сияқты туындыларға қомақты ақша қажет. Сосын өзіңнің және бюджеттің ақшасына түсіру деген түсінік бар. Егер қалтаңнан жырып түсіріп жатсаң әр тиынды санайсың. Ал мемлекеттен қаржыландыратын болса ол жағын ойлап бас қатырмайтын сияқты», — деді режиссер Нұртас Адамбай. 

Егемен ел атанғалы әлі де болса нарыққа үйреніп келеміз. Кино саласы да бұл үрдістің ішінде. Отандық мамандарымыз көрерменнің көңілінен шығуды, қаражат табуды үйреніп келе жатқандай. Оған мысал, Нұрлан Қоянбаевтың түсірген комедиясының 1 миллиард теңгеден астам пайда табуы. Режиссерлерді әңгімеге тартқанда таза табыс қандай, гонорардың көлемі қанша деп де қазбалап сұраған болатынбыз. Бірақ, олар коммерциялық құпия екенін алға тартты. Елу жылда ел жаңа деген бар. 2030-да бәрі тамаша.