Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы ауа райы күтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы ауа райы күтіледі

Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы ауа райы күтіледі

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

  • 12 Маусым 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz


 Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның бірқатар аймақтарында салқын түсіп, жаңбырлы болмақ. Дегенмен, оңтүстік аймақтарда ауа температурасының жоғарылауы байқалады.

"Солтүстік-батыс антициклон республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында жылудың төмендеуіне әкеледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасының одан әрі көтерілуі күтіледі", — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.