Карантин кесірінен қазынаға 125 миллиард теңге түспей қалды - Қаржы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин кесірінен қазынаға 125 миллиард теңге түспей қалды - Қаржы министрі

Карантин кесірінен қазынаға 125 миллиард теңге түспей қалды - Қаржы министрі

Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық алдында есеп беріп, мекеменің осы күнге дейін атқарған жұмысы туралы баяндады.

  • 12 Маусым 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Оның сөзінше, карантинге қатысты салықтан босату шаралары мен бизнестің зардап шегуі нәтижесінде қазынаға қаржы жоспарланғаннан 6,6 %-ға кем түскен.

«Соңғы 5 айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 125 миллиард теңге түспей қалды.  Біз 2 трлн 236 млрд теңге болады деп жоспарлағанбыз, бірақ қазынаға 2 трлн 111 млрд теңге түсті. Яғни, жоспар 94,4%-ға орындалды» , — деді Қаржы министрі. 

Министр сейсенбі күнгі Үкімет отырысында салық түсімдерінің азаюы сәуір айынан басталып, мамырда жалғасқаны туралық айтқан.

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректері бойынша кәсіпкерлік белсенділіктің ең көп төмендеуі көтерме және бөлшек саудаға тиесілі. 2019 жылғы мамырмен салыстырғанда 54%-ке немесе 1,2 трлн. теңгеге тауарларды өткізу бойынша айналымдар төмендеген Негізгі экспорттық позициялар бойынша бағалар 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда орта есеппен 16,4%-ке және жыл басынан бері 13,2%-ке төмендеді», — деген ол баяндамасында.