Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сауда-саттық нәтижелері бойынша доллардың орташа бағамы — 404,7 теңге. Жұма күні таңертеңгі сессия 403,47 теңге болды. Осылайша, ұлттық валюта 1,23 теңгеге әлсіреді.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 406,7 — 407 теңгеге сатылса, сатып алу құны 405,5 — 405,7 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 407,2 — 408 теңгеге сатылса, сатып алу — 405,8 — 406,6 теңге аралығында.
