Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы бағдарлама бойынша тұрғын үй алу үшін енді жастар қалада тіркелмесе де рұқсат беріледі дейді. Осылайша тұрақты табысы барлар баспанамен қамтылатын болды дейді ол.
"Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады", — дейді Сағынтаев.
"Алматы жастары" бағдарламасы арқылы 35 жасқа дейінгі кез келген санаттағы алматылық пәтер сатып алу үшін жеңілдетілген несие ала алады.