Нұр-Сұлтанда пара алған мектеп директорына айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда пара алған мектеп директорына айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда пара алған мектеп директорына айыппұл салынды

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен қаладағы М. Горький атындағы академиялық театрдың басшылығы мен "Адижан" және "Астана-Кокше" ЖШС-і мердігер компанияларына қатысты тергеу ісі сотқа жіберілген.

Театр басшысы орынбасарларымен және "Ади-жан" ЖШС-нің директоры, "Астана-Кокше" ЖШС-нің техникалық сарапшысымен сыбайласа отырып 37 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты ұрл

  • 19 Маусым 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Театр басшысы орынбасарларымен және "Ади-жан" ЖШС-нің директоры, "Астана-Кокше" ЖШС-нің техникалық сарапшысымен сыбайласа отырып 37 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты ұрлады деп айыпталуда. Одан бөлек театр ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге бөлінген қаражатты ұрлаған. Бұл қаражаттың барлығы мемлекет бюджетінен бөлінген,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол Нұр-Сұлтан қаласындағы №13 орта мектептің директорына және "Сапа-Транс" және "Азия-Арт" ЖК-не қатысты ісот шешімі шыққанын айтты.

Бұл жағдайда мектеп директоры мердігерлермен сыбайласа отырып мектепке бөлінген қаражатты ұрлаған. Одан бөлек мектеп директорына адамды өтірік жұмысқа тұрғызу жолымен ақша ұрлау айыбы танылып отыр. Мемлекетке келтірілген шығын миллион теңгеден асады. 2020 жылдың 1 маусымында Алматы аудандық сотының шешімімен мектеп директорына және сыбайластарына келтірілген шығыннан он есе артық көлемде айппыұл салынды,-дейді Даумов.