Сөйтті де әлемде осы уақытқа дейін коронавирустан қанша адам көз жұмғанын алға тартып, ақынның аузына құм құйды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Естеріңізде болса, осыған дейін белгілі әншілерге сөз жазып беріп жүрген айтыскер елдегі министрлер мен басқа да лауазымды қызметтегі адамдардың коронавирус жұтырғанына сенбейтінін айтып, желіге пост жариялаған болатын.
Осы орайда, ақынның жазбасын көзі шалып қалған журналист Facebook парақшасында: "Ертең осы сөзің үшін кешірім сұрап, басың салбырап қалады-ау!) Жер бетінде коронавирус жоқ болса, үш айда 400 мың адам неден өлді екен? Беташар мен той болмай қалған соң, шегірткелерде де психоз басталды", — деп жазды.