Шымкент ауруханасындағы айғай мен жылаған дауыс: "Бір ауруханада бір күнде он адам қайтыс болуда" - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент ауруханасындағы айғай мен жылаған дауыс: "Бір ауруханада бір күнде он адам қайтыс болуда"

Шымкент ауруханасындағы айғай мен жылаған дауыс: "Бір ауруханада бір күнде он адам қайтыс болуда"

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар қаланың теміржол ауруханасының ауласындағы бейнежазбаға қатысты пікір білдірді.

  • 23 Маусым 2020
  • 80
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомстводағылар теміржол ауруханасы провизорлық орталық ретінде жұмыс істеп тұрғанын және видео сол жерде түсірілгенін атап өтті.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

https://aitube.kz/video?id=0_9lvxbp51

"Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты орталыққа түсетін науқас көбейді. Соңғы тәулікте ауруханада төрт адам қайтыс болды. Бұл стационардағы науқастар арасындағы өлім көрсеткіші 3 пайыз болып тұр", — деді дәрігерлер.


Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, қайтыс болған төрт адамда басқа аурулар: қант диабеті, артериальная гипертензия, ишемия болған.

Сондай-ақ, пневмониямен түсетіндердің саны артқаны хабарланды. Шымкентте қазір COVID-19 жұқтырған 1296 адам симптоммен, 792 адам симптомсыз жұқтырған деп тіркелген. Ал пневмония диагнозымен ауруханаға түскендер 7,2 есе көбейген.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында маусым айында 700-ден астам адам пневмония жұқтырғаны белгілі болды.