Бұл туралы Дастархан бағдарламасында айтылды.
Даниэль Данлади-Бвайдың өзі де аралас неке отбасында туған. Әкесі нигериялық, анасы қазақстандық.
"Әкем Қазақстанда 38 жыл тұрған. Қазақстанда дүкенде анаммен танысып, отбасын құрған. Мен де әкемнің жолын қуып, өзге ұлттың қызын жар еттім. Қайын жұртым маған рұқсат етпеді. Біраз уақыт мені қабылдамады. Ол үшін көп тер төгуге тура келді", — деді ол.
Айдана мен Даниэльдің ортақ балалары бар. Олар үш тілді біледі. Қазақша ойлайды дейді әкесі.
"Балаларым қазақша ойлайды. Қазақша сөйлейді. Кей сөздерін түсінбеймін. Ол кезде анасы аударып береді", — деді әкесі.
"Трамвай" деген мейрамханада кешкі ас іштік. Даниэль сусынның ішіне жүзік салып қойған екен. Солай ұсыныс жасады. Мен үйленуге ұсыныс жасайтынын білген жоқпын", — деді Айдана.
Айдананың анасы рұқсатын бергенімен, әкесі көнбеген екен. Себебі сенбестік білдіріпті.
"Бір күні Айдананы шығарып салып тұрсам, әкесі қарап тұр екен. Маған жақындап келіп, жұдырықпен бір ұрды. "Қызым қара баламен қосылмайды. Сен оны тастап кетесің" деді". Мен бұның нағыз махаббат екенін айттым. Енем жақсы қарсы алды, ал әкесі қуанышты болмады", — деді Даниэль.
Алайда білісе келе әкесі де оны күйеу баласы ретінде мойындапты.
"Мен Айданамен танысқан соң таза қазақ тілін естідім. Бұл махаббаттың тілі. Одан әрі жаттай бастадым. Сөздік сатып алып, көшеде дайындалып жүрдім. Осылай үйрене бастадым", — деді қара бала.
Қара баланың айтуынша, балалары ата-әжесіне барғанда ағылшын тілінде сөйлейді екен. Ағылшынша амандасып, ағылшын тілінде қоштасады дейді ол.