Қазақстанда карантин режимін бұзған азаматтарға 30 АЕК айыппұл салынады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
"Бизнес қауымдастық пен азаматтардың назарын мынаған аударғым келеді: карантин режимін және санитарлық эпидемологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапқа тартылады", — деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында.
Ал кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК және одан жоғары айыппұл салынады.
Айтуынша, тиісті нормативті құқықтық акті осы аптада қабылданады.