Алматыда қоғамдық көлік өз жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қоғамдық көлік өз жұмысын тоқтатты

Алматыда қоғамдық көлік өз жұмысын тоқтатты

Алматыда 6 шілдеде қоғамдық көлік жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 6 Шiлде 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Алматының көлік холдингі хабарлады.

Холдинг автобус жұмысын тоқтатуды жолаушылар ағынының төмендігімен түсіндірді.

"Бүгін, 6 шілдеде, Алматыдағы қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылды. Барлық жылжымалы құрам дезинфекциялауға жіберілді", — делінген хабарламада.

Көлік 7 шілдеде таңғы сағат 6-да жұмысын бастайды.

Еске салайық, Алматыда 5-тен 20-шілдеге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді. Осы кезең ішінде қалааралық автобустардың қызметі тоқтатылды, қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктердің, оның ішінде метроның сенбі және жексенбі күндері жұмысы толығымен тоқтатылды. Қалалық қоғамдық көліктер мен қала маңындағы автобустардың жүру деңгейі 50 пайыздан аспайды.