Қазақ еліне қол ұшын беру мақсатында келдік – РФ денсаулық сақтау вице-министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ еліне қол ұшын беру мақсатында келдік – РФ денсаулық сақтау вице-министрі

Қазақ еліне қол ұшын беру мақсатында келдік – РФ денсаулық сақтау вице-министрі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Инфекционистер, реаниматолог, пульманолог, эпидемиолог мамандар. Дәрігерлердің негізгі құрамын Мәскеу облысының мамандары құрайды. Соңғы кездері Мәскеу аумағындағы сырқаттану деңгейі төмендеп келеді. Со

  • 7 Шiлде 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Инфекционистер, реаниматолог, пульманолог, эпидемиолог мамандар. Дәрігерлердің негізгі құрамын Мәскеу облысының мамандары құрайды. Соңғы кездері Мәскеу аумағындағы сырқаттану деңгейі төмендеп келеді. Сондықтан, бірқатар мамандардың жүктемесі азайған соң, бауырлас Қазақстан еліне қол ұшын беру мақсатында келдік, — деді ол.

Олег Гриднев негізгі жұмыс жоспары ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ақылдаса отырып шешілетінін жеткізді.

Ең алдымен, қазақстандық әріптестерімізбен пациенттерді реанимациялық, амбулаторлық, госпитальдық кезеңдегі емдеу әдістері бағытында тәжірибе алмасқымыз келеді. Себебі, Ресейдің коронавируспен күресте біраз тәжірибесі бар, сол тәжірибемен бөлісуге дайынбыз. Сіздердің елдеріңізге келген мамандардың бұл бағытта берері көп. Сапардың ұзақтығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Біз елдегі жағдайдың қандай екенін түсінуіміз керек, — деді ол.



Бұған дейін Қазақстанға 32 адамнан тұратын ресейлік бір топ дәрігер келгенін хабарлаған болатынбыз. Ал, ресейлік әріптесін күтіп алу барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ресейлік дәрігерлер біздің қазақстандық дәрігерлермен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ эпидемиологиялық шиеленіскен өңірлерде тәжіррибе алмасатынын айтты.