Облыста орташа есеппен мыңға жуық ПТР зерттеуі жүргізіледі. 4 лаборатория жұмыс істейді, оның біреуі жеке меншік. Сынама нәтижелерінің кешігуі лаборатория қызметкерлерінің арасында коронавирусқа шалдыққандармен байланысты. Орталықтарда дезинфекция жасалып, карантин шаралары жүргізіледі, — деді облыс әкімі.
Облыс әкімі ауруды таратпау жолында барлық азаматтың жауапкершілігі жоғары екенін айтты.
Коронавируспен күресте көпшілік жерлерге бармау, той-томалақ өткізбей, оқшаулауда болу маңызды. Өкінішке қарай, біздің тұрғындар әлі де бұл ұстанымды түсінбей жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде 13 шілдені ұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Мұндай азалы күндер аз болуы үшін сақтық шараларын сақтау керек, — деді ол.