Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялады. Ол бойынша шаһарда күшейтілген карантин режимі 20 шілде түнгі сағат 00.00-де күшіне енді.
"Енді қоғамдық тамақтану орындары ашық алаңда ғана жұмыс істей алады. Қонақтар саны 30 адамнан аспауы керек. Сондай-ақ, таулар мен ұлттық парктерде велосипедпен жүруге болмайды", — делінген қаулыда. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.