Пайдалану шарттары Caravan.kz медиа порталында орналасқан материалдарды пайдалану шарттары​ - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A

Пайдалану шарттары Caravan.kz медиа порталында орналасқан материалдарды пайдалану шарттары​

1. Caravan.kz сайтында (бұдан әрі – Сайт) жарияланған төменде көрсетілген ерекше материалдардан басқа барлық материалдарға авторлық құқық толықтай "Kazakhstan Today Агенттігі" ЖШС (бұдан әрі- Караван) тиесілі. Ерекше материалдар – Караванға тек жариялау құқығы тиесілі үшінші тұлғалардың ақпаратын сайтта қайта басып шығару жағдайлары. Мұндай ерекшеліктердің барлығы оларға қатысты мәтіндерде тікелей көрсетілген.

2. Сайтта жарияланатын барлық талдамалық мақалалар, жаңалық хабарламалары, ақпарат, сарапшы мамандардың пікірі түрінде баяндалған мәтіндер, иллюстрациялар, фотосуреттер, бейнесюжеттер, аудиожазбалар және басқа да материалдар бұдан әрі материалдар деп аталады.

3. Сайт әкімшілігі сайтта материалдарды орналастыру және сайттың жұмыс істеуіне қатысты өзге де мәселелер бойынша сайт иесінің ресми өкілі болып табылады.

4. Авторлық құқығы Караванға тиесілі барлық материалдарды Интернет желісіндегі серверлерде немесе кез-келген бұқаралық ақпарат құралдарында  мына шарттар негізінде жариялауға болады:

- материалдың үштен бір бөлігінен аспайтын көлемінде сайттың материалдарына бастапқы дереккөз ретінде материалдарда баяндалған мағынаны сақтай отырып міндетті түрде гиперсілтемемен пайдалану.

- материал мәтінінің бірінші немесе екінші сөйлемдерінде негізгі мәтінмен бірдей қаріппен жазылған тікелей белсенді сілтемені көрсету.

- материал авторын көрсету.

Өзінің пайдаланушылық келісімінде басқа БАҚ-қа өз материалдарын редакцияның жазбаша рұқсатымен ғана пайдалануға рұқсат беретін сайттар сайт материалдарын тек Сaravan.kz редакцияның жазбаша рұқсатымен пайдалана алады.

Caravan.kz медиа-порталының материалдарын әлеуметтік желілерге жариялау шағын анонс пен материалға гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Арнайы нұсқаулық бойынша жарияланған біздің серіктестеріміз ұсынған материалдарға барлық құқықтар серіктестерге тиесілі; оларды кез келген ресурстарда, оның ішінде интернет-сайттарда, кез келген нысанда қайта басып шығаруға немесе қайта таратуға, көшіруге немесе таратуға тыйым салынады. Аталған материалдарды пайдаланудың барлық мәселелері бойынша серіктестерімізге тікелей жүгіну қажет.

Егер иллюстрациялық материалда автордың немесе авторлық құқық иесінің аты көрсетілсе, графиканы пайдалану мәселелері бойынша тікелей сол адаммен байланысу керек.

Материалдарды осы шарттарда көзделген тәсілдермен пайдалану кезінде мәтіндік материалдарды қысқартудан бөлек, материалдарды қандай да бір жолмен қайта өңдеуге рұқсат етілмейді. Мәтіндік материалды материалдың негізгі мағынасын бұрмаламайтын жағдайда ғана қысқартуға болады. Графикалық материалдарды өзгертуге немесе өңдеуге тыйым салынады.

Сайт әкімшілігі кез келген уақытта өз материалдарын қайта басып шығару және қайта тарату шарттарын өзгертуге, сондай-ақ пайдаланушылардың тізімін орналастыру арқылы өз материалдарын бір немесе бірнеше пайдаланушыға кез-келген пайдалануды шектеуге немесе тыйым салуға құқылы.

Караван пайдаланушыларға алдын ала ескертусіз кез келген уақытта осы шарттарды өзгерту немесе толықтыруға құқылы. Пайдалану шарттарын өзгерту және / немесе толықтыру www.caravan.kz интернет-сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енетін олардың жаңа редакциясын орналастыру арқылы жүргізіледі Пайдаланушы мен Караван арасындағы барлық қарым-қатынастар материалдарды пайдалану күніне жарамды материалдарды пайдалану шарттары арқылы реттеледі.

Жоғарыда аталған шарттардың кез келгені жекелей немесе комбинациялық түрде бұзылған жағдайда, Караван өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңды тәсілдермен, соның ішінде сот тәртібі арқылы қорғау құқығын өзіне қалдырады.

"Караван" газетінің баспа нұсқасында жарияланған, бірақ сайтта жарияланбаған материалдарды басқа ресурстарда толық немесе белгілі бір бөлігін пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Пайдаланушылар үшін шектеулер туралы ақпарат

Сайтта орналасқан барлық материалдарға, егер материалдардың астында “Пікірлер" белгісі болса, пайдаланушылар өз пікірлерін қалдыра алады.

Пікірлер негізінен материалдардағы ақпарат туралы пайдаланушылардың субъективті ойының көрінісі болып табылады. Кез-келген пайдаланушы төменде көрсетілген белгілі бір ережелерді сақтай отырып, Сайт материалдарына өз пікірлерін қалдыра алады.

Мынадай пікірлерге тыйым салынады:

1. Егер Пайдаланушы бұл ақпараттың иесі болмаса және осы ақпаратты өзі жазбаса, заң жүзінде немесе келісімшарт бойынша оны пайдалану үшін рұқсат беруге, тыйым салуға құқығы жоқ болса немесе Пайдаланушы осы ақпараттың иесі болса да, бірақ оған оны жариялауға берілген құқығы жеткіліксіз болса, заңмен немесе келісімшартпен шектеу қойылса;

2. Заңмен қорғалған зияткерлік қызметтердің нәтижелері мен олардың бөлшектерінің көшірмесін және үшінші тараптардың патентін, сауда таңбасын, коммерциялық құпиясын, копирайтын және басқа да меншік құқығын немесе авторлық пен сабақтас құқықтарын, егер Пайдаланушылардың оларды пайдалануға қатысты айрықша немесе айрықша емес құқықтары болмаған жағдайда;

3. мазмұны талқыланып жатқан Материалда аталған тұлғаларды қорлайтын, және басқа да Пайдаланушылар мен өзге тұлғалардың беделін түсіретін, оларды қорқытуға бағытталған, зорлық-зомбылық жасауға, құқыққа, қоғамға қарсы, адамгершілікке жат қылықтар мен құқықтық тәртіпке және құлықтылыққа қайшы келетін әрекеттерді жасауға шақыратын пікірлерге;

4. мазмұны азаматтың ар-намысына, іскерлік беделіне және ұйымның іскерлік беделіне зиян келтіретін не болмаса келтіруі мүмкін, немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтарын бұзатын пікірлерге;

5. Балағат сөздерді қамтитын пікірлер;

6. Өз-өзіне қол жұмсауда қолданатын құралдары мен тәсілдерді сипаттайтын, оны жасауға итермелейтін кез келген пікірлер;

7. Басқа пайдаланушылардың немесе өзге тұлғалардың дербес және байланыс деректері туралы пікірлерге;

8. Нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік немесе діни өшпенділік пен дұшпандықты, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік, діни немесе тілдік ерекшеліктер бойынша қандай да бір артықшылықты, соғыс пен зорлық-зомбылықты насихаттауға;

9. Жарнамалық сипаттағы пікірлерге;

10. Сайттың жұмыс істеуін тұрақсыздандыруға бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асыруға, сайтты басқаруға немесе оның жабық бөлімдеріне (әкімшілікке ғана рұқсат етілген бөлімдерге) рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ желілік шабуыл ретінде қарастырылуы мүмкін кез келген басқа әрекеттерді жүзеге асыруға;

Пайдаланушы пікірді орналастыру кезінде олардың мазмұны мен өз пікірлерін білдіру тәсілдері үшін жеке өзі ғана жауап береді.

Пайдаланушылардың материалдарға қалдырған пікірі әкімшіліктің немесе Сайт иесінің пікірі болып табылмайды және әкімшіліктің немесе Сайт иесінің пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Сайт әкімшілігі кез келген уақытта және ескертусіз немесе себебін түсіндірусіз пайдаланушылардың кез келген материалдарға берген кез келген пікірлерін жоя алады немесе пікірлерді жариялаудан бас тарта алады.

Сайт әкімшілігі пайдаланушылардың материалдарға түсініктемелерінің мазмұнына және олардың заңнама талаптарына сәйкестігіне, заңды құқық иеленушілер мен өзге де тұлғалардың авторлық және сабақтас құқықтарын бұзғаны үшін, Тауар белгілерін, фирмалар атауларын және олардың логотиптерін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ, өзге де орналастыруға байланысты үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін өзге де ықтимал бұзғаны үшін жауап бермейді. Дегенмен, пікірлерді ешқандай түсіндірусіз кез келген уақытта жою құқығын өзіне қалдырады.