Бекшин алматылықтар көбіне қай жерде коронавирус жұқтыратынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бекшин алматылықтар көбіне қай жерде коронавирус жұқтыратынын айтты

Бекшин алматылықтар көбіне қай жерде коронавирус жұқтыратынын айтты

Алматылықтар коронавирусты көбіне жұмыста және үйде жұқтырады.

  • 22 Шiлде 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Себебін анықтау үшін сараптама жүргізгенде 56 пайыз, яғни, 6408 жағдай жұмыс барысында тіркелгенін анықтадық. 20 пайыз, яғни, 1948 жағдайда науқаспен үй жағдайында байланыста болғанда жұқтырған және 13 жағдайдың себебі анықталмады. Байланыста болғандар бақылауда, 48 мыңға жуық адам жақындары, 22 мың адам жұмыс бойынша байланыста болғандар. Бүгінде үй карантинінде жатқан 7 мың адам бақылауда", — дейді Бекшин.