Қызылордада түрмедегі танысына есірткі өткізбекші болған азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада түрмедегі танысына есірткі өткізбекші болған азамат ұсталды

Қызылордада түрмедегі танысына есірткі өткізбекші болған азамат ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағында жүрген азамат мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызды. Мекеме қызметкерлері күдік тудырған

  • 27 Шiлде 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағында жүрген азамат мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызды. Мекеме қызметкерлері күдік тудырған азаматқа байланысты, дереу 102 нөміріне хабарлап, Қызылорда ҚПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылып, аталған азамат ұсталды.

Ұсталған азаматты тінту барысында оң жақ қалтасынан қағаз қорапқа салынған, "жасыл түсті өткір иісті" заты тәркіленді. Күдік тудырған Н есімді азамат, тыйым салынған затты, осы мекемеде жазасын өтеп жатқан танысы Е есімді сотталғанға өткізбекші болған, — делінген хабарламада.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысы нәтижесінде тәркіленген зат 20,67 грамм "кептірілген марихуана" екені дәлелденіп, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.