Қазақстандық дәрігерлер қуаныштан билеп жүр (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық дәрігерлер қуаныштан билеп жүр (ВИДЕО)

Қазақстандық дәрігерлер қуаныштан билеп жүр (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде қуаныштан билеген дәрігерлердің әрекеті түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

  • 29 Шiлде 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Видео авторы Мақсат Қуаныштың жазуынша, дәрігерлер аурулар санының азайғанына қуанған. Мәселен ол: "Алла ауруды аулақ қылып, медбикелер осылай билей берсін! Жақсы болған екен", — деп жазды.

Бейнежазбаға көз жүгіртіп, құлақ түрсеңіздер, кадр сыртындағы бір әйелдің: "Аурудың беті қайтты. Екі күннен бері түсіп жатқан кісі жоқ. Біздің қыздар соған қуанып, билеп жатыр", — деген үнін естуге болады.

Оған қоса, видеода стационарларда пайдаланылатын қорғаныш киімдерін киген екі қыздың билеп жүргені анық көрініп тұр.