Жас ғалымдар форумы бес күн өтеді және ғылыми пікірталастар мен баяндамалар шеңберінде мынадай бағыттарды қамтиды: құқық мәселелері, инновациялар және кәсіпкерлік, агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан және т. б. мәселелер.
«Назарбаев моделі» — ХХІ ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап» халықаралық жас ғалымдар форумы Елбасының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуына қосқан үлесін ұғынуды ғана емес, сондай-ақ жас ғалымдардың идеяларын одан әрі апробациялау және мемлекеттік органдардың өкілдері үшін пандемиядан кейінгі кезеңде олардың ерекше құнды ұсынымдар әзірлеу жөніндегі ауқымды ғылыми алаңға айналады.
Мемлекеттік орган басшылары мен шетелдік қонақтардың қатысуымен өткен пленарлық отырысты Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев құттықтау сөзбен ашты:
— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқымыздың қазіргі мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюындағы рөлі орасан зор. Оның қызметі көптеген жетістіктермен дәлелденді, олар өз кезегінде бүкіл елдің жетістігі ретінде бағаланады. Бұл жетістіктің себебі – ондаған жылдар бойы қалыптасқан бірегей «Назарбаев моделі». Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында біз кезекті рет өткенге көз жүгіртіп, халқымыздың Елбасы басшылығымен өткен күрделі жолды қайта ұғына аламыз.
Іс-шара модераторы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасынан Еуропа Кеңесі Венециялық Комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов болды. Ол осы форумның ерекшелігі – «жас ғалымдардың мемлекет дамуының түрлі бағыттары бойынша жаңашыл идеялары мен ұсыныстарын бірінші болып есту мүмкіндігін алған» Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары басшыларының қатысқандығы екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев; Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Өтенов; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов; Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев; Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Тимур Жақсылықов; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров; Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Азамат Батырқожа; Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Такир Балықбаев; Қазақстан мен Өзбекстандағы GIZ (Германия) өкілдігінің басшысы Йорг Пуделька; Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо; Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңес мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Темірбекова; Ресей Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Андрей Котельников; Беларусь Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, химия ғылымдарының докторы Андрей Иванец; Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, биология ғылымдарының кандидаты Мену Мамадюсуфова және т. б. құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел жетістіктеріндегі басты рөліне тоқталған Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми мынаны атап өтті:
— Егемендігімізді жарияланғаннан күннен отыз жыл өткенде біз Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың құрметті мүшесі екендігін және қалыптасқан мемлекеттіліктің барлық белгілеріне ие екенін мақтаныш сезімімен айта аламыз. Жаңа мемлекет құру процесінде экономикаға, саясатқа, азаматтық қоғамға және басқаларға қатысты өзіндік әртүрлі қырлары бар. Бұл саланың барлығы Елбасының басшылығымен қалыптасып, ұлттық ерекшеліктер, сондай-ақ халықаралық стандарттар ескеріле отырып, жаңғыртылды. Олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті негізін қалаған Негізгі Заңның ережелеріне негізделеді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Тимур Жақсылықов «Назарбаев моделінің»маңыздылығы туралы айта келе, «оның Қазақстан тәуелсіздігінің барлық кезеңінде тиімді жұмыс істейтін әмбебап және өміршең қағидаттарды қамтиды», -деді.
— Форум алаңы Елбасының идеяларын ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне имплементациялау үшін іскерлік, ғылыми, білім беру орталарын шоғырландыратыны, сондай-ақ атқарушы билік органдары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін тартатыны өте маңызды, — деп сөзін жалғастырды спикер.
Ресей Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Андрей Котельников Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес жұмысының маңыздылығын және форумның өзектілігін атап өтті:
— Біздің жетістіктеріміз бен болашақ жобаларымызды талқылау үшін жыл сайын Қазақстан Республикасында кездесу дәстүрге айналды. Биылғы жыл біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізгенімен, тіпті бейнеконференция форматында да біздің жылы достық байланыстарымыздың энергетикасын күшейте түсті. Егер біздің бүгінгі форумымыздың алдында қазақстандық әріптестерімізбен соңғы жылдары өткізген ұзақ жұмысымыз болмаса, бұл мүмкін болмас еді. Біз үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес біздің ынтымақтастығымыз үшін жасалған қадам болды, бүкіл ТМД елдері кеңістігіндегі ғылыми жастардың жаңа буынының өзара іс-қимылының маңызды алаңына айналды. Бұл ретте Қор жас ғалымдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылы кезінде бірлесудің маңызды нүктесі болып табылады.
Форум «Covid-19: құқықтық мәселелер», «Инновациялар және кәсіпкерлік: Сovid-19 ақиқатындағы трансформация моделі», «XXI ғасырдағы Агроөнеркәсіптік кешен: ғылым және инновациялар», «COVID-19 жұқтырған пациенттерді басқару мәселелері: диагностикалық, клиникалық және басқа да аспектілер», «Қазіргі заманның күтпеген мәселелері: қоғам мен денсаулық сақтау жүйесінің пандемияға байланысты өзгерістерге әсері мен реакциясы», «ХХІ ғасырда Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан» ғылыми секциялары жұмысымен жалғасады.
Ғылыми іс-шара жас ғалымдардың идеялары мен ұсынымдарын одан әрі пысықтау үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшыларына жіберілетін қарар қабылдаумен аяқталады.