Коммуналдық шығындарды төлеу үшін несие аламыз - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммуналдық шығындарды төлеу үшін несие аламыз

Коммуналдық шығындарды төлеу үшін несие аламыз

Коммуналдық шығындарды төлеу үшін қарызға батып, несие алуға мәжбүрміз.

  • 28 Желтоқсан 2020
  • 59
Фото - Caravan.kz

 Семейдегі "Мұрат" саяжайның тұрғындары ай сайын тек жарықтың  өзіне 150 мың теңге шығындалатындарын айтады. Төлемесе жарыққа жауапты қоғамдық бірлестік қарапайым халықты қараңғылықта қалдырып,  келесі төлемді айыппұлмен қоса төлетуге мәжбүрлейді екен. Бұған не себеп?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ,  МҰРАТ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Халыққа 15 теңгеден сатылады. Оның үсітен егер ауылдан кісілер көшіп келсе, оның светін қияды да 20 МРП ақша сұрайды. Оны төлей алмайды. Одан кейін кредит алады, сөйтіп жабады. Сосын бос жатқан участок болса, соған да төлетеді. 130-150 мың теңге»

НҰРЖАМАЛ МИНКЕЕВА, МҰРАТ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Без предупреждения выключает свет. Допустим если 3 дня не оплатили быстренько выключате потом требует штраф за подключение и все такое»

Әсіресе кәсіпкерлерге қиын. Коммуналдық төлемді кешіктірсең, 500 мың төлеуге міндеттісің. Талап сондай екен.

ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ,  МҰРАТ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, КӘСІПКЕР:
«Светсіз жұмыс істеуге мәжбүрміз. Фонарикпен сөйтіп отырамыз. Тамақтың бәрі бүлініп кетті. Халық келіп тамағын ала алмайды».

ГҮЛНӘР ЖҰМАТАЕВА, МҰРАТ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Мұратқа дейін жарық бар, Мұраттан кейін қараңғы. Ал халық ай сайын 1 млн теңге қызмет  үшін төлейді. Бір лампа жоқ, ойын алаңы жоқ. ал ауылдан келген халыққа мешіт, аурухана керек жоқ па? Қайда кетіп жатыр ақша?»

Сұрақтың жауабын білу үшін саяжай тұрғындары әкімдікке де, кооператив төрайымына талай рет барған екен. Тек…    

ТОЛҚЫН ШАУАЛИЕВА, МҰРАТ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Қоғамдық бірлестік тарапынан сондағы тұрғындарға қыспақ көрсетіліп жатыр. егер сендер құжат өткізетін болсаңдар, светтен құр қаласыңдар. Бізде ғана болуларың керек деген сияқты».
 

ГҮЛНӘР ЖҰМАТАЕВА, МҰРАТ САЯЖАЙЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


«Акимат айтады ол ОО, қоғамдық бірлестік. Оларға олардың заңы жүрмейді екен. Халықты зар илетіп жатыр»

Бірлестік төрайымын да әңгімеге тарттық. Жауптылар өздеріне әдеттегідей шаң жуытпады.  

СВЕТЛАНА КРУГЛЯНЧЕНКО, «СЕМЕЙ-МҰРАТ-ДОВЕРИЕ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
«Тұрғындардың қызмет үшін төлейтін қаржысы жолды жөндеу, саяжайдың инфраструктуктурасы, кооператив қызметкерлерінің жалақысы тағы сондай сияқты салаларға жұмсалады. Күзет қызметі мысалы. Бізде саяжайдың  әр жерінде күзетшілер жүреді»

Ал жарыққа қатысты мәселенің шешімі біреу. Саяжайды қалалық коммуналдық қызметке ауыстыру екен. Тұрғындардың бар талабы да сол.

АСАН ДҮЙСЕМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
«Қалалық коммуналдық қызметке өту үшін  барлық тұрғындар, болмаса халықтың кем дегенде 80 проценті өтініш жазуы керек. Бұл мәселені біз сонда ғана қарастыра аламыз. Қала әкімдігі  саяжайды  шаһар бақылауына алуға қарсы емес.  Бәрі тұрғындардың құжатты қаншалықты тез жинайтынына байланысты»

Ал саяжай тұрғындарының дені  қыста қалаға көшеді.  Жергілікті жұрт оларды іздеп табудың өзі біраз шаруаны талап етеді дейді. Осылайша  мәселенің нақты қашан шешілетіні басы ашық сұрақ күйінде қалды.