Вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізіледі - ДСМ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізіледі - ДСМ

Вакцина салдырған адам еркін жүре алатын электрон паспорт енгізіледі - ДСМ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде есепке алуды жүйелеу мақсатында вакцинацияның электрон паспорты әзірленгенін айтты.

  • 19 Қаңтар 2021
  • 98
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Вакцина салдырғаны туралы мәлімет министрліктің орталықтандырылған ақпарат жүйесіне электрон форматта енгізіледі. Мәліметті пациент және медицина қызметкері m-gov қосымшасында өзі жүктеп, енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі", — деді Цой Үкімет отырысында.

Айта кетейік, бұған дейін министр елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді.


Сондай-ақ министр вакцинациялау кезеңдері мен кімдерге бірінші кезекте салынатынын түсіндірді.